Жеңіл атлетика

Ольга Рыпакова Азиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын Малайзияда өткізіп жатыр

Ольга Рыпакова Азиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын Малайзияда өткізіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова 2018 жылы Азия ойындарында тек қана бір бағдарлама бойынша – үш қарғып секіруден сынға түседі деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда танымал спортшы Малайзия астанасында соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Рыпакова бастаған жеңіл атлеттер Джакартаға Куала-Лумпурден ұшып кетеді.

Еске сала кетейік, Ольга Рыпакова 2006 жылдан бергі соңғы үш Азия ойындарында чемпиона атанған болатын. Сондай-ақ, оның еншісінде күміс және қола медаль да бар.

2018 жылғы Азия ойындарындағы жеңіл атлеттер жарысы 25 тамызда басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер