«Шахтер» - «Астана» матчы 31 қазанда өтеді

«Шахтер» - «Астана» матчы 31 қазанда өтеді
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лига клубтары арасында футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының XXIII турындағы «Шахтер» - «Астана» матчының өтетін мерзімі өзгергенін хабарлайды.
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігіне «Астана» футбол клубының атынан елордалық ұжымның УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне қатысуына байланысты «Шахтер» футбол клубымен алдағы турдың ойынын қосалқы күнге ауыстыру жөнінде екі жақты келісім келіп түсті.
«Шахтер» - «Астана» матчы Қазақстан Чемпионатының күнтізбесінде қарастырылған қосалқы күнге, яғни 2018 жылдың 31 қазанына белгіленді.
Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер