«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасында ойнайды

 «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасында ойнайды
news-banner7
mobile-news-top
«Астана» футбол клубы еурокубок жолындағы жарысты Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Плей-офф кезеңінде «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) – АПОЭЛ (Кипр) жұбының жеңімпазымен жолығады. Елордалық команда алғашқы ойынды сырт алаңда 21 тамыз күні өткізеді. Қарымта ойын 30 тамыз күні Астанада болады.
Естеріңізге сала кетейік, Загребте УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Динамо» мен елордалық «Астана» матчының қарымта кездесуі өтті. Ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Екінші таймда кездесудегі жалғыз голды «Динамо» шабуылшысы Марио Гавранович соқты. Астанада өткен алғашқы ойында қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Сонымен қатар, кәрі құрлықтағы жарыс жолын алматылық «Қайрат» жалғастырады. Бейсенбі күні алматылық футболшылар өз алаңында Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін қарымта кездесуде Чехияның «Сигма» командасын қабылдайды. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.
Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер