Допты хоккей: «Ақжайық» қазандық «Динамодан» басым түсті
![Допты хоккей: «Ақжайық» қазандық «Динамодан» басым түсті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1387103228_856899337.jpg?v=28708097)
«Жастар» стадионында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» «Динамо-Қазан-2» командасын қабылдады.
Аталмыш кездесу айдын иелерінің басымдылығымен өтіп, 6:0 есебімен аяқталды. 15 желтоқсан күні қос команда екінші матчын өткізеді. Мұның алдындағы ойындарда «Ақжайық» Краснотурьинскінің «Динамо-Маяк» командасымен екі мәрте 5:5 есебімен тең түскен болатын.
Екінші топта 14 ұпай жинаған «Ақжайық» бұрынғысынша үшінші орында келеді.