Әбілхан Аманқұл: Азия ойындарына осал боксшы қатыспайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАзия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын көтеріп шығатын боксшы Әбілхан Аманқұл дүбірлі дода алдындағы дайындығымен бөлісті.
Бүгінде Әбілхан ұлттық құрама сапында Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
«Көңіл-күйіміз көтеріңкі. Бүгінде Азия ойындарының алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Сөз жоқ, Азия ойындарында әлсіз қарсылас болмайды. Алайда, біз жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамын», - дейді Әбілхан.
Еске сала кетейік, Азия ойындарында Әбілхан Аманқұл 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Әбілхан осы салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.