Бокс

Әбілхан Аманқұл: Азия ойындарына осал боксшы қатыспайды

Әбілхан Аманқұл: Азия ойындарына осал боксшы қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын көтеріп шығатын боксшы Әбілхан Аманқұл дүбірлі дода алдындағы дайындығымен бөлісті.

Бүгінде Әбілхан ұлттық құрама сапында Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

«Көңіл-күйіміз көтеріңкі. Бүгінде Азия ойындарының алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Сөз жоқ, Азия ойындарында әлсіз қарсылас болмайды. Алайда, біз жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамын», - дейді Әбілхан.

Еске сала кетейік, Азия ойындарында Әбілхан Аманқұл 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Әбілхан осы салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер