Бокс

Абель Санчес Головкин - Канело жекпе-жегіне дәл болжам жасады

Абель Санчес Головкин - Канело жекпе-жегіне дәл болжам жасады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы WBA/WBC/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің Сауль "Канело" Альвареске қарсы 15 қыркүйектегі жекпе-жегіне болжам жасады.

Головкин жекпе-жектерінде агрессивті боксшы екенін дәлелдеп келеді. "Канело" сөзінде тұра ала ма, мінез көрсете ме, барлығы соған байланысты болғалы тұр. Ол ашық айқасқа шығады деп ойламаймын. Дегенмен ең болмаса ұтуға әрекет жасасыншы. Өзің уәде еткендей, соққыларыңды дарыт та, Головкинді нокаутқа түсір. Кімнің техникасы, қорғанысы жақсы екенін, кімнің күші көп екенін көрейік. Бұл жолы "Канелоның" күші сарқылып, қашып жүрмейді және нокаутқа түседі деп үміттенемін. Екінші жекпе-жек екеуіне де ауыр болғалы тұр. Алғашқы бес-алты раунд қиын болады. Содан кейін Головкин мықтылығын байқатып, 11-12-раундтарда нокаутқа түсіреді немесе 8-4, 9-3 есебімен жеңіске жетеді", — деді Санчес.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер