Дзюдо

Марат Данайбаев: Әйелдер құрамасы Азиадада 3 жүлде алуды жоспарлап отыр

Марат Данайбаев: Әйелдер құрамасы Азиадада 3 жүлде алуды жоспарлап отыр
news-banner7
mobile-news-top

Джакартада өтетін XVIII Азия ойындарында Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы 3 жүлде алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасының бас бапкері Марат Данайбаев мәлімдеді.

- Қазіргі таңда дзюдодан әйелдер құрамасы Азия ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарына дайындалуда. Әдеттегідей, Азия ойындарына қатысушылар 2018 жылдағы ресми жарыстардағы көрсеткіштеріне қарай жасақталды. 7 салмақ бойынша татамиде күресетін қыздар құрамасына 1 алтын және 2 қола жүлдені жоспарлап отырмыз, -дейді дзюдодан Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасының бас бапкері Марат Данайбаев.

Айта кетейік, Джакартада Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек арасында өтеді. Ал татами шеберлері 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өзара мықтыны анық тайды. Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы 25 тамыз күні Астана қаласынан Джкартаға Азия ойындарына аттанады.

Түпнұсқасы: fdk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер