Жеңіл атлетика

Бангокта бағымыз жанған болатын

Бангокта бағымыз жанған болатын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның олимпиадалық құрамасы үшін жылдың басты спорттық жарысы да жақындап қалды. Яғни 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Жакарта қаласында жазғы Азия ойындары өтеді.

Байрақты бәсекеге Қазақстан жеңіл алеттері де қатысады. «Спорт падишасының» өкілдері әр жылдары сары құрлық ойындарынан бірнеше медальды уыстап алып келетін. Бұл жолы да сол тұғырдан түспейді деп үміттенеміз. Осы ретте Қазақстан жеңіл атлеттерінің 1994 жылдан бергі жетістіктерін баяндауды әріқарай жалғастырамыз. Мұның алдында Хиросимадағы алғашқы жорық жайлы айтқан болатынбыз.Кезек Бангокқа келді.

1998 жылы Қазақстан құрамасы Үндіқытай түбегіндегі Азия ойындарына қатысты. Жеңіл атлеттеріміз Хиросимадағы тұғырдан төмен түскен жоқ. Тіпті, Жапониямен салыстырғанда екі қола медальды артық жинады. Сондай-ақ жалпы командалық есепте төрт жыл бұрынғы жетістікті қайталап, үшінші орыннан көрінді. Үш қарғып секіруде Сергей Арзамасов Қазақстанның осы сайыс түрінен дәстүрі бар екенін дәлелдеді. Хиросимада тағы бір шымкенттік жеңіл атлет Олег Сакиркин үздік шыққан болатын. Сырықпен секіруде Игорь Потапович екі дүркін жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Қыздардан Ольга Шишигина Жапонияда 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден үздік шыққан болатын. Сосын кейіннен допингпен ұсталып, 2 жылға спорттан шеттілгені бар. Жаза уақыты аяқталған соң, ең ірі жарысы осы жазғы Азия ойындары еді. Отандасымыз өзінің бабын жоғалтпағанын дәлелдеп, тіпті, Хиросимамен салыстырғанда уақытын да жақсартып 12.63 секундқа жүгірді. Сөйтіп, Игорь Потапович секілді екі дүркін жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Одан бөлек, төртінші алтын 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Наталья Торшинаға бұйырды.

Сергей Корепанов 50 шақырымда, Валерий Борисов 20 шақырымда спорттық жүрістен алтынға бір қадам жетпей тоқтады. Қытайлық Чень Янхаоны ұзатып алған Андрей Скляренко 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден күміс медаль еншіледі. Жетісайыста Светлана Казанина да екінші орынға ие болды.

Ядро серпуде Сергей Рубцов, Светлана Бодрицкая (400 метрге жүгіру), Елена Першина (ұзындыққа секіру), Светлана Толстая (10 шақырымға спорттық жүрістен) және 4х400 метрге эстафеталық жүгіруден қыздар құрамасы қола жүлдені уыстап еншіледі.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер