Бокс

Ең қымбат голливудтық актер Головкиннің жеңісіне бәс тікті

Ең қымбат голливудтық актер Головкиннің жеңісіне бәс тікті
news-banner7
mobile-news-top

Ең қымбат голливудтық актер және продюсер Марк Уолберг WBA , IBO, WBC орташа салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес «Канело» (49-1-2, 34 КО) екеуінің арасындағы алдағы жекпе-жекке қатысты өз пікірімен бөлісті.

Головкин мен «Канелоның» алғашқы кездесуі былтыр 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өткен болатын. Алайда, көпшілік асыға күткен айқаста екі спортшы да тең түсіп, жеңімпаз анықталмады. Сол күнгі айқастан кейін көптеген танымалдар Головкин мен Альвареске қатысты болжам жасаумен болды. Соның бірі танымал америкалық актер Марк Уолберг те GGG мен “Канелоның” екінші кездесуінде Головкинннің жеңіске жететіне сенім білдірді.

«Менің ойымша, алғашқы жекпе-жекте Головкин таза жеңіске жетіп тұрды. Маған «Канело» да ұнайды, бірақ оның GGG-ны жеңе алатынын көрмей тұрмын. Головкин – өте сабырлы, мықты жігіт. Сонымен қатар, ол қазір ашулы және ренжулі» – деді актер Wahlberg BadCulture телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, биылғы жылдың ақпан айында Уолберг Головкинді қонақ қылып күткен болатын. Әлем чемпион Голливуд жұлдызына қазақтың оюымен безендірінген қолғабына өз қолтаңбасын қойып сыйға тартты. Ал, өткен жылдың қыркүйегінде Уолберг Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегінен кейін отандасымызға қолдау көрсетті.

Геннадий Головкинді қолдап, оның жеңіске жететініне сенім білдірген 47 жастағы Марк Уолберг «Маймылдар ғаламшары», «Үшіншісі артық» және «Жауынгер» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. 2017 жылы ол екі фильмге түсіп 67 миллион доллар табыс тапты және содан бастап Голливудтағы ең қымбат актер атанды.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер