«Ақтөбе» өз алаңында көп жанкүйер жинайтын командалардың көшін бастады

news-banner7
mobile-news-top

12 тамыз күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші айналымы аяқталды. «Ақтөбе» футбол клубы екі айналым қорытындысы бойынша Премьер-лига матчтарына стадионға ең көп көрермен жинаған командалардың тізімінде көш басында тұр, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Маусым басында Ақтөбеде өтуі тиіс 2 ойын Шымкент қаласында өткеніне қарамастан, ақтөбелік жанкүйерлер өз командасының әрбір ойынына асқан қызығушылық танытып, 11 ойынға жалпы алғанда 96 200 жанкүйер келген. Орташа есеппен «Ақтөбенің» әрбір ойынына 8745 көрерменнен келіп отырған.

Екінші орынға 95 900 жанкүйері қолдауға келген алматылық «Қайрат» орналасты. «Қайрат» командасын әрбір ойында орташа есеппен 8718 жанкүйер қолдап отырған.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер