Жеңіл атлетика

Азия ойындарында алтынынан үмітті үш қарғып секірушілер

news-banner7
mobile-news-top

Жакартадағы Азия ойындарында әйелдер арасындағы үш қарғып секірудің басты жүлдесіне үміткер спортшылар арасында екі қазақстандық атлет бар, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Осыған дейін бұл сайыс түрінен 2010, 2014 жылдары Ольга Рыпакова ешкімге дес берген жоқ. Осы жолы да Олимпиада чемпионы бас жүлде үшін бара жатқаны анық. Рыпакованың биылғы маусымдағы үздік көрсеткіші – 14.25 метр. Отандасымыз бұл нәтижесін Ослодағы «Гауһар лигада» тіркеген.

Екінші орында Таиланд спортшысы Паринья Чуаймароенг тұр.Оның көрсеткіші –14.17 метр.

Айта кетейік, Чуаймароенг бұл нәтижесін Тайбэйдегі ашық чемпионатта тіркеген. Үштікті Ирина Эктова қорытындылап тұр. Ол Алматыдағы Ғұсман Қосанов Мемориалында 14.07 метрге секірген болатын.

Ирина көптен бері 14 метрден аса алмай жүрген. Мысалы, былтырғы үздік көрсеткіші 13.77 метр болған. Ал жеке рекорды 2011 жылы тіркелген (14.48 метр).

Ирина Эктова 2014 жылы жазғы Азия ойындарында қола жүлде еншілеген. Биылда кемі сол межеден төмендемейді деп үміттенеміз.

Үш қарғып секіру сайысы 30 тамыз күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер