Футзал

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа формасын таныстырды

news-banner7
mobile-news-top

СбоÑÐ½Ð°Ñ ÐазаÑÑÑана по ÑÑÑÐ·Ð°Ð»Ñ Ð¿ÑезенÑовала новÑÑ ÑоÑмÑ

Футзалдан Қазақстан студенттер құрамасы тамыздың 19-ы мен 26-ы аралығында өтетін әлем чемпионатына арналған жаңа формасын таныстырды, деп хабарлайды prosports.kz сайты ақпараттық және спорттық ХАБ-ға сілтеме жасап.

Құраманың негізгі формасы ашық сары, ал екіншісі ақ түсті болып келеді. Форманы бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында ерлер және әйелдер командасының капитандары Рамина Мамедова мен Біржан Оразов таныстырды.

- Дайындық өте жақсы. Жоғары нәтижеге қол жеткіземз деп ойлаймын. Әрине барлық командалар чемпион болуға лайық, біздің топта Чехияны ерекше атап өтсе болады. Біз жеңу үшін бар күшімізді саламыз, - деп өз ойымен Біржан Оразов бөлісті.

Айта кетер жайт, ерлер ұлттық құрамасы «В» тобында Беларусь, Чехия, Жаңа Зеландиямен, ал, әйелдер командасы Португалия, Франция, Жаңа Зеландиямен ойнайды.

Ұйымдастурышалардың айтуынша барлық ойындар жоғары деңгейде өткізілетін болады. Алматы қаласы әлем чемпионатқа тыңғылықты дайындалды . Қала бойынша қауіпсіздік, көліктік логистика және денсаулық сақтау шаралары сақадай сай дайын. Сонымен қатар, теңбіл доп додасы кезінде қалада көптеген шаралар өтіп, құрамалар аула командалары арасында шеберлік сабақтарын өткізеді.

Бұл чемпионат Қазақстандаға емес, ТМД мемлекеттер арасында алғаш рет ұйымдастырылады. Жарыста 6 ерлер және 9 әйедер құрамалары өнер көрсетеді. Олар, Канада, Германия, Франция, Аргентина, Жаңа Зеландия, Болгария, Португалия, Польша, Хорватия, Словакия, Чехия, Ресей, Қытай, Израиль, Таиланд, Украина.

Ойындар Almaty Arena мен Halyk Arena мұз кешендерінде сағат 10:00-ден басталады. Салтанатты ашылуы тамыздың 19-ы күні Almaty Arena-да сағат 12:00-де өтеді.

Бұл чемпионат 1984 жылдан бастап Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) қамқорлығымен екі жылда бір рет өткізіледі. 2016 жылдын чемпионы болып ерлер мен әйелдер құрамалары арасында Бразилия атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер