Роман Григорчук: Жақсы нәтиже көрсетуге үміт бар

Роман Григорчук: Жақсы нәтиже көрсетуге үміт бар
news-banner7
mobile-news-top
Загребтің «Динамо» командасымен болатын қарымта матч алдында баспасөз мәжілісін өткізген «Астана» клубының бас бапкері Роман Григоручук тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Чемпиондар лигасында бұдан да ірі есептермен ұтылғандардың есе қайтарған кездері жетерлік. Ертеңгі ойындағы жағдайды қалай бағамдап отырсыз?

– Маған қазір бірдеңе деп айту өте қиын. Бірақ біздің үміт өткен аптадағы ойынмен тығыз байланысты. Қазіргі біздің жағдайда уақыт өте маңызды. Өйткені, команда құрамын жаңарттық. Әзірге футболшылардың барлығы бірдей спорттық баптарына келіп үлгерген жоқ. Сондықтан ертең бізге мықтырақ болу қажет. Алғашқы кездесумен салыстырғанда ойынымыз жылдам әрі сапалы және агрессияға толы болуы тиіс. Сол жоспарымызды жүзеге асыра аламыз деп үміттенемін. Ал нәтижені ертең ойыннан соң көреміз.

– Сіз «Черномерец» клубын жаттықтырған тұста, «Динамоға» қарсы ойнап көрдіңіз. Егер екі команданы және сол маусымды салыстырақ болсақ. Қайсысы мықтырақ деп ойлайсыз?

– Екі команданы салыстыру қиын. Бірақ сол «Черноморецпен» кездескен «Динамо» қазіргіден мықтырақ болды деп ойлаймын.

– Астанадағы ойында доптың бағана тиіп кері серпілгенін де көрдік. Жалпы, алаңда допқа көбірек бақылау жасадыңыздар. Бірақ гол соғылған жоқ. Ертең сол сәтсіздіктің бәрі сіздің пайдаңызға шешіліп, Загребте ірі есеппен жеңуге мүмкіндік бар ма?

– Мен Астанадағы ойында жолымыз болмағандықтан ұтылып қалдық дей алмаймын. Жалпы, әрбір жеңіс сапалы ойын мен сәттіліктің жолдас болуының арқасында келеді. Өткен ойында бұл жағынан асығымыз алшысынан түспеді. Бірақ бұл жалғыз себеп емес, себебі өте көп қателік жібердік. Қарсылас оны кешірген жоқ. Әрине, біздің гол соғатын мүмкіндіктер болды. Алайда оның бәрін жолымыздың болмауынан деуге келмес.

– «Астананың» келесі кезеңге өтетіне сенесіз бе?

– Есеп жайлы ештеңе айтпаймын. Өйткені, келесі кезеңге өтетін қажетті есеп үшін бәрі болу керек. Дегенмен, ертең алғашқы кездесумен салыстырғанда мықтырақ ойнайтымызға сенемін. Сол себепті жақсы нәтиже көрсетуге үміт бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер