Футбол

Шәкірттерінің жайнамазын тепкен жаттықтырушы жұмыстан қуылады

Шәкірттерінің жайнамазын тепкен жаттықтырушы жұмыстан қуылады
news-banner7
mobile-news-top

Видео Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жаға ұстатты» тобында жарияланды, деп жазды sn.kz.

Видео авторы оқиғаның Тараздағы спорт мектептерінің бірінде болған. Жаттықтырушы балалардан бөлмеден шығуын талап еткен. Алайда намаз оқып тұрған шәкірттер оның сөзіне құлақ та аспайды. Ашуға мінген ұстаз балаларды балағаттап, жайнамаздарын теуіп, оларды желкелеп бөлмеден қуып шыққан.

Желі қолданушыларының дені «балалардың бұл уақытта намазбен емес, спортпен шұғылданғаны дұрыс» деп, жаттықтырушының әрекетін қолдап жатыр. Десе де, «жайнамазды тепкені дұрыс болмады» деп оны сөккендер де бар.

"Біз бұл жағдайды бүгін білдік. Қазір болған жағдайды егжей-тегжейлі қарастырудамыз. Жаттықтырушы педагогикалық тәртіпті сақтамағаны үшін қуылатын болады», -дейді Жамбыл облыстық спорт және туризм басқармасы басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер