Чемпиондар Лигасы: «БИІК-Қазығұрт» плей-оффқа жолдама алды

Чемпиондар Лигасы: «БИІК-Қазығұрт» плей-оффқа жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

«БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, плей-оффқа жолдама алды.

Шымкенттік футболшылар алғашқы ойында Грецияның «Академия Элпидес Кардитсас» командасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Қазақстандықтар сапынан қос голды Гульнара Габелия мен Фазила Иквапу салған.

Ал екінші ойында қазақстандық команда Латвияның РФШ командасымен кездесті. Бұл кездесуде де шеберлігі басым шымкенттік қыздардың жолы болды. Қарсыласын 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Осылайша, алғашқы екі ойында да жеңіске жеткен біздің команда өз тобында көш бастады.

«БИІК-Қазығұрт» бүгін австриялық «Ландхаус» командасына қарсы ойын өткізіп, 2:0 есебімен жеңді.

Шымкенттік клуб Чемпиондар Лигасына алғаш рет қатысып отырған жоқ. Өткен маусымда «Биік-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымына дейін шығып, турнир жеңімпазы атанған Францияның «Лион» командасына есе жіберген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер