Ненад Бьелица: Біз «Астанадан» мықты екендігімізді, ертең алаңда тағы бір мәрте дәлелдеуге тиіспіз

Ненад Бьелица: Біз «Астанадан» мықты екендігімізді, ертең алаңда тағы бір мәрте дәлелдеуге тиіспіз
news-banner7
mobile-news-top

«Динамо Загреб» - «Астана» арасындағыУЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңінің жауапты ойыны алдында хорватиялық команда бас бапкері Ненад Бьелицаның қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

- Біздің өте жақсы көңіл-күйде алдағы ойынға дайындалып жатырмыз. «Астанаға» дейінгі кездесу алдында ішкі чемпионатта жеңіске жеттік. Бұл ойындардағы жеңістер, біздің алға қойған мақсаттарымызға жетуге көмектеседі деген сенімдемін. Дегенмен, алда «Астанаға» қарсы 90 минут бар.

- Ойыншылар ертеңгі кездесуге толықтай дайын ба?

- Астанадағы ойында алаңға шыққан барлық ойыншылар кездесуге толықтай дайын. Бірақ, Фиоличтің аздаған жарақаты бар. Команданың көңіл күйі керемет. Ертеңгі Астанаға қарсы кездесуде жеңіске жетеміз деген сенімдеміз.

- Дани Ольмоның жақсы қырларына қандай баға бересіз?

- Ольмо допты өте жақсы қабылдап, алаңды өте жақсы көре алады. Бұл қасиет орталық алаңда өнер көрсететін ойыншы үшін өте маңызды. Алада, оның шабуыл шебінен бөлек, қорғанысқа да жақсы көмектесе алатындығы бізді қатты қуантады. Мен Даниды қатты мақтағым келмейді. Ол бірінші кезекте мықты ойыншы және жақсы жігіт. Мен осы уақытқа дейін жаттықтырған ең мықты ойыншылардың бірі десем болады.

- Футболда дәстүр өте маңызды. Алайда, Сіз «Динамо» сапында ешқашан ойнаған емессіз. Керісінше, басқа хорватиялық клуб «Осиек» сапында өнер көрсеттіңіз. Оған қоса, Чемпиондар Лигасында ТОП клубтар ойнап, оларды ТОП бапкерлер жаттықтырады. Осы тұрғыдан алғанда, маусымға қойған мақсаттарыңызға ету жолында Сізге қиын болады деп ойламайсыз ба?

- Егер, бапкер жеңіске жететін болса – ол жақсы. Ал керісінше болған жағдайда, бәрі өзгереді. Мен туған жеріме, ойнаған клубыма қарамастан, қазір «Динамо» бас бапкері болғаныма өте қуаныштымын. Мен осыған дейін төрт елде қызмет жасағандықтан, менің тәжірибем де жеткілікті. Мені бұл жерде барлығы өте жақсы қабылдады. Маған осындай жауапкершілік артқандығына, сенім білдіргеніне өте қуаныштымын. Өзіме артылған үмітті, нәтижемен көрсетемін деген ойдамын.

- Ертең қақпада қай ойыншы тұратынын шештіңіз бе?

- Әзірге жоқ. Менде ертеңге дейін таңдау бар.

- Бірінші ойыннан кейін, Сіз әлі де ештеңе шешілмегенін тілге тиек еткен едіңіз. Егер, «Астана» ертең жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алатын болса, бұл жағдайды Хорватияда қалай қабылдайды?

- Әр жеңіліс ешқашан қуаныш әкелмейтіні анық. Дегенмен, біз ертеңгі кездесуде өз ойыншыларымыздың талантына, күшіне сенім артып,, жеңіске жетеміз деген ойдамын. Біз «Астанадан» мықты екендігімізді, ертең алаңда тағы бір мәрте дәлелдеуге тиіспіз.

- Ертең жанкүйерлер қолдауына сенім артасыз ба?

- Ертең жанкүйерлер стадионға көптеп келіп, бізге қолдау көрсетеді деген сенімдемін. Біз Астанадағы, Биер-Шевадағы жанкүйерлердің керемет қолдауына куә болдық. Ертең, біздің де жанкүйерлер дәл сондай футбол атмосферасын жасай алады деген сенімдемін.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер