Ауыр атлетика

Олимпиада чемпионы Майя Манеза медициналық орталық ашты

Олимпиада чемпионы Майя Манеза медициналық орталық ашты
news-banner7
mobile-news-top

Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Майя Манеза Алматы қаласынан өзінің медициналық орталығын ашты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Домашний очаг» басылымына сілтеме жасап.

«Күйеуім Вячеслав Ершов екеуіміз Қазақстанның ауыр атлетика бойынша құрамасының құрамында болған едік. Ол жерде біздің алған жарақатымызды емдейтін, көп күш түскен кезде қалпына келтіретін қытай дәрігер болды. Шығыс медицинасының не екенін өз тәжірибемізден білгендіктен, медициналық орталық ашуды ұйғардық. Бастапқыда спорттық медицинаға бағытталмақшы едік. Алайда анықталғандай, қарапайым адамдар да бізде емделгісі келеді екен.

Сондай-ақ, біз қайырымдылықпен айналысамыз. Ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесеміз», – дейді Манеза.

Майя Манезаның сөзінше, орталықтағы дәрігер Қытайдан келген.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер