Бокс

Головкин: Канело екеуіміздің стиліміз екі түрлі

Головкин: Канело екеуіміздің стиліміз екі түрлі
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы рематчтан не күтетінін айтты.

«Канело екеуіміздің стиліміз екі түрлі. Менің бокс стилім мүлдем басқаша. Бірақ екеуіміз де рингке агрессивті жоспармен шығатынымызға сенемін. Бұл кездесуді ерте аяқтауға көмектеседі», - деді Головкин.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Боксшылар алғаш рет былтыр 16 қыркүйекте жұдырықтасқан болатын. Бұл кездесуде тең есеп тіркеліп, бұл шешім бокс әлемінде үлкен дау шығарған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер