Қысқы

Қазақстанның жас биатлоншылары Эстонияның ашық чемпионатында топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы Эстонияның Отепя қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп жазады Olympic.kz.

Ұлттық құрамадан бөлек, жас спортшыларымыз Эстонияның жазғы ашық чемпионатына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Атап айтар болсақ, биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Эстонияның жазғы ашық чемпионатына қатысқан Кирилл Бауер мен Владислав Киреев жекелеген сайыста күміс және қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, Семен Вдовин мен Никита Акимов те тұғырдың екінші және үшінші сатысына көтерілді.

Ал қыздар арасында қазақстандықтардың түгелдей дерлік жеңіс тұғырынан көрінді. Ксения Долголапова, Арина Шешукова және Вероника Кулакова өзара медальдарды бөлісті. Эстонияның ашық чемпионатына Қазақстан, Эстония және Латвия спортшылары қатысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер