Бокс

Марк Уолберг: Канело Головкинді жеңе алмайды

Марк Уолберг: Канело Головкинді жеңе алмайды
news-banner7
mobile-news-top

Голливудтық танымал актер Марк Уолберг 15 қыркүйекте өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес рематчына болжамын жасады.

- Меніңше, GGG бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті. Маған «Канело» да ұнайды, бірақ ол Головкинді жеңе алады деп ойламаймын. GGG – өте-өте мықты жігіт, оның қазір ол ашулы, - деді Уолберг BadCulture TV-ге берген шағын сұқбатында.

Айта кетейік, боксшылардың алғашқы жекпе-жегі былтыр 16 қыркүйекте өткен. Кездесу тең аяқталып, шешім үлкен дау шығарған болатын. Ал рематч биыл 15 қыркүйекте болады.

Айта кетейік, Forbes журналы 2017 жылы Марк Уолбергті әлемде ең көп жалақы алатын актер деп жазған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер