Күрес

Әділет Дауламбаев: Спортта кез-келген нәтиже тіркелуі мүмкін

Әділет Дауламбаев: Спортта кез-келген нәтиже тіркелуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасын Индонезияда өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Азиада алдындағы соңғы жаттығу жиындарын Алматыда өткізген еркін күрестен ұлттық құрама мүшелері де қатысты. Сары құрлықтың басты додасында еркін күрестен 86 келіде ел намысын қорғайтын Әділет Дауламбаев prosports.kz сайтының тілшісіне қысқаша сұқбат берген болатын.

- Төрт жылда бір өтетін Азия ойындарына аттанып барасыз, дайындығыңыз қалай?

- Дайындық жоғары деңгейде өтті деп айтуға толық негіз бар. Айтулы додаға алаңсыз дайындалуымыз үшін барлық жағдай жасалды. Бапкерлер құрамы біздің тактикалық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да турнирге дайын болуымызды қадағалады. Сол үшін барымызды салып белдесіп, ел күткен нәтижені көрсетеміз деп ойлаймын.

- Көктемде Азия чемпионатында күміс жүлде алдыңыз. Сізше Азия ойындары мен Азия чемпионатының айырмашылығы бар ма?

- Мен Азия ойындарына бірінші рет бара жатырмын. Екі турнирді бөліп-жарып қарағым келмейді. Бірақ, Азия ойындары төрт жылда бір рет өтетін құрлықтың басты додасы саналады. Кейде кіші Олимпиада деп те жатады. Сол үшін оған әр елдің тек бірінші номерлі балуандары келеді. Ал Азия чемпионатына кейде екінші-үшінші номерлі балуандар да қатысып жатады. Демек, Азия ойындарының деңгейі сәл жоғары болады деп айтуға болады.

- Индонезияда қай елдің балуаны басты қарсыласыңыз болуы мүмкін?

- Баста айтқанымдай Азия ойындарына әр елдің ең мықты балуандары ғана келеді. Сол үшін құрлық біріншілігінен әлсіз қарсылас іздеу ақылға қонбайды. Демек, кез-келген белдесуге 100% дайындықпен, үлкен жігермен шығу керек. Десе де, көпшіліктің назары Иран елінің балуаны Хасан Язданиге ауып тұрғаны сөзсіз. Оның қандай мықты қарсылас екенін бір мен емес бүкіл әлем біледі. Бірақ, спортта кез-келген нәтиже тіркелуі мүмкін. Сол үшін Язданиді де ұтуға болады деп есептеймін. Біз тек жеңіске жету үшін дайындықтар жасадық.

- Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан қоржынына алтын медаль түспегелі көп болды.

- Иә, 1994 жылы Мәулен Мамыров ағамыздан кейін өкіншке орай еркін күрес шеберлері Азиядада топ жара алмай жүр. Сәтін салса осы олқылықтың орны Джакарта төрінде толар деп үміттенемін.

- Жеңіс туын желбіретіп қайтуыңызға тілектеспіз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер