Теннис

З.Дияс жүлде қоры қомақты жарыстың бірінші айналымында жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тағы жарысқа қатысып жатыр. Ол жүлде қоры 2 млн 874 мың 299 доллар болатын Premier санатындағы турнирде біліктіліктің бірінші айналымын еңсерді.

Бұл турнир АҚШ-тағы Цинциннатиде өтіп жатыр. Беташар матчта Дияс екі сетте ресейлік Евгения Родинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды. Родина мүмкін болған 16 брейк-пойнттың алтауын жүзеге асырды және 7 қателік жіберді. Диястың есебінде 8 эйс, доп беру кезінде кеткен 6 қателік және 8 брейк бар. Теннисшілер ресми матчтарда бірінші рет кездесіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер