Бокс

Санчес: «Канело» - қашып жүретін боксшы

news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуде де пассив боксшы болатынын айтты.

«40 жекпе-жекте Альварестің стилі басқа еді, енді міне, ол қашып жүретін боксшыға айналды. Кездесуге дейін фанаттарға берген уәдесімен жекпе-жекте көрсететіні мүлде екі бөлек нәрсе. Головкинді құлатамын деді ме, бағын сынап көрсін. Менің ойымша, бұл жолы да «Канело» агресивті жұдырықтаса қоймайды. Қашып жүргені үшін фанаттар әлеуметтік желіде оны жерден жерге салып жатыр. Ол осылай жалғастыратын болса, жанкүйерлер оны аяй қоймас. Осы қалпында жалғастырғысы келсе өзі білсін. Біз оған ештеңе істей алмаймыз», - деді Санчес.

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер