русский язык
Волейбол

«Конденсат-Жайықмұнай» волейбол клубы ел біріншілігнде көш бастап келеді

«Конденсат-Жайықмұнай» волейбол клубы ел біріншілігнде көш бастап келеді

Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР чемпионатында Оралдың «Конденсат-Жайықмұнай» командасы 13 ұпаймен жеке дара көш бастап келеді.

Хромтау қаласында өтіп жатқан бірінші турда кеше батыс қазақстандықтар «Павлодар» командасын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. Есесіне ел чемпионы «Алматы» командасы үшін биылғы маусым сәтсіз болып тұр. Олар кеше алаң иелері «ТНК Казхром» командасына 1:3 есебімен ұтылып, төртінші орынға түсіп қалды. Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» мен хромтаулықтар 10 ұпаймен екінші, үшінші орындарды бөлісуде.

Бүгін командалар демалады. Ертең «Конденсат-Жайықмұнай» - «ШығысҚорғасынҚұрылыс», «Атырау» - «Павлодар», «Есіл» (Петропавл) - «Алматы», «ТНК Казхром» - «Тараз», 15 желтоқсан, соңғы күні «Атырау» - «Алматы», «Конденсат-Жайықмұнай» - «Тараз», «Есіл» - «Павлодар», «ТНК Казхром» - «ШығысҚорғанысҚұрылыс» өзара күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;