Бокс

Боксшыларымыз Азия ойындарына дайындалып жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Тамыздың 18-інде Индонезияның бас қаласы Джакартада 18-інші Азия ойындары басталады.

24.kz порталының ақпаратына сүйенсек, дүбірлі додаға аттанатын саңлақтарымыз бүгінде соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Әсіресе боксшылардың жаттығуы қыза түскен. Спортшылар 16-сы күні Джакартаға жол тартады. Ал тамыздың 24-інде боксшыларымыздың алды шаршы алаңға шығады. Байрақты бәсекеде 10 боксшымыз 10 салмақ дәрежесінде сынға түспек. Оның үшеуі қыз, жетеуі жігіт. Бәріне де зор үміт артылып отыр. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, былғары қолғап шеберлеріміз биылғы Азия ойындарында шамамен 5 медаль алуы тиіс. Жоқ дегенде оның екеуі алтын болады. Себебі, Теміртас Жүсіпов, Қайрат Ералиев, Асланбек Шымбергенов, Әбілхан Аманқұл сынды мықтылар бара жатыр.

- Басты қарсыластардың қатарында Өзбекстан, Қытай, Таиланд, Филиппин, Моңғолия, Иран сияқты елдер бар. Сол себепті Азияның боксы қазір мықты дамыған. Ең мықты деген жеті боксшы бара жатыр. Ал енді кімнің бабы, бағы қатар шабады, солар елге алтынмен оралады, - деді Айтжанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер