«Ақтөбе» жалақыға 2 миллиард теңге жұмсаған

«Ақтөбе» жалақыға 2 миллиард теңге жұмсаған
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубы 2017 жылы 2,9 миллиард теңгеге шығындалған.

Бұл соманың басым бөлігі жалақыларға кеткен – 2 миллиард теңге. Материалдарды жүзеге асыру үшін 128 млн жұмсаса, клубтың операциялық шығындары 803 миллион болды. Осы уақыт ішінде «Ақтөбенің» бюджеті 661 миллион теңгеге дейін минусқа кіріп кеткен.

Айта кетейік, «Ақтөбе» футбол клубы бірнеше жылдан бері қарыздарынан құтыла алмай келеді. Биылғы маусымның басында «ақ-қызылдарға» ойыншыларды тіркеуге тыйым салынып, чемпионатты команда өз жастарымен бастаған болатын. Сондай-ақ, қарыздарының салдарынан «Ақтөбеден» алты ұпай алынды. Сонымен қатар, клуб алдағы екі трансферлік уақытта жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер