ММА

Жалғас Жұмағұлов Астанада чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді

Жалғас Жұмағұлов Астанада чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global ұйымының жеңіл салмақтағы (56 келі) чемпионы Тагир Уланбековпен кездеседі, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл жекпе-жек жайлы 29 жастағы отандасымыз өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жазды. Ал турнир туралы кейінірек Alash Pride клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Fight Nights Global турнирі Астанадағы «Алау» мұз сарайында өтеді. Басты жекпе-жек Жұмағұлов пен Уланбеков арасында болмақ. Аталған кештің өтуіне Tobet Fighting Championship, Alash Pride FC және Fight Nights Global компаниялары мұрындық болып отыр.

Бұл кеште тағы Alash Pride клубының төрт мүшесі өнер көрсетеді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер