Хоккей

ҚХЛ командалары Президент Кубогын сарапқа салуда

ҚХЛ командалары Президент Кубогын сарапқа салуда
news-banner7
mobile-news-top

Жылдағы дәстүр бойынша Құрлықтық хоккей лигасының үздік командалары Астанада бас қосып, Президент Кубогын сарапқа салуға кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.

Халықаралық турнирге биыл Хабаровск қаласының «Амуры», Нижнекамск қаласының "Нефтехимигі", Астана қаласының «Барысы» және Қазақстан ұлттық құрамасы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күні ұлттық құрама Нефтехимик командасымен жолығып, 4:1 есебімен есе жіберді. Ал «Барыс» «Амур» клубын әрең жеңді. Қорытынды есеп: 2:1. Енді бүгін ұлттық құрама Амурмен, ал «Барыс» Нефтехимикпен ойнайды.

Халықаралық турнир алдағы жексенбіге дейін жалғасады және бұл турнир Құрлықтық хоккей лигасының кезекті маусымы алдындағы дайындық болып есептеледі. Яғни жаңа ойыншылар командаға үйреніседі, жаңа бапкерлер өз әдістерін сынап көреді.

Ал жылдың ең басты бәсекесі – Құрлықтық Лига 1 қыркүйекте басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер