Волейбол

Қазақстан құрамасы Азия кубогында екінші рет жеңді

news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан Қазақстан құрамасы Қытайлық Тайбэйде өтіп жатқан Азия кубогында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Топтық кезеңнің алғашқы матчында жапон волейболшыларын жеңгеннен кейін Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездескен.

Қазақстандықтар үш партияда жеңіске жетті – 25:22, 25:19, 30:28.

Осылайша, екі матчтан соң алты ұпай жинаған Қазақстан А тобында көш бастап, мерзімінен бұрын ширек финалға өтіп қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер