Хоккей

«Барыс» маусымға дайындығын қалай өткізеді

«Барыс» маусымға дайындығын қалай өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» Құрлықтық хоккей Лигасының кезекті маусымы алдында дайындығын пысықтап жатыр. Ойыншылар жақсы ысылу үшін елордалық команда екі жарысқа қатыспақ.

Қазақстан Республикасы президентінің Кубогы

Өтетін уақыты: 9-12 тамыз күндері

Қатысушы командалар: «Барыс», «Нефтехимик», «Амур», Қазақстан құрамасы

9 тамыз күні Қазақстан Республикасы президентінің Кубогы үшін жарыс өтеді. Аталмыш турнирдің анық аутсайдер — Қазақстан құрамасы. Өйткені біздің Ұлттық құрама бұл жарыста негізгі құрамымен қатыспайды.

Ал «Нефтехимик» кем дегенде өткен жылғы нәтижені қайталауға тырысатыны анық. Қазіргі чемпиондар жарыста негізгі құраммен қатысады.

«Барыс» пен «Амур» жаңа бапкердің қол астында тәжірибе жинақтап, бір-біріне үйренісетін болады.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐºÑбок ÑеÑпÑблики баÑкоÑÑоÑÑан по ÑÐ¾ÐºÐºÐµÑ 2018

Башқұртстан Республикасының Кубогы

Өтетін уақыты: 25-28 тамыз күндері

Қатысушы командалар: «Салават Юлаев», «Барыс», «Автомобилист», «Нефтехимик»

«Нефтехимик» өткен жылы маусым алдындағы жарыстардың нағыз көшбасшысы болды. Бірнеше турнирдің жеңімпазы Башқұртстан Республикасының Кубогын да иеленген еді. Биыл чемпиондық тәжін қорғап қалуға тырысады. Андрей Назаровтың командасына «Барыс», «Салават Юлаев» пен «Автомобилист» клубтары қарсы тұрмақ.

Елордалық «Барыс» фаворит есебінде болмаса да, финалға шығуға қауқарлы. Күзде бастауын алатын маусымның алдындағы соңғы дайындық турнирінде елордалықтар барынша биік белестен көрінуге тырысатындары анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер