Қысқы

Ягудин Денис Тенге арналған бағдарлама түсірді

Ягудин Денис Тенге арналған бағдарлама түсірді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Матч ТВ» арнасында Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің рухына арналған «Тает лед» атты бағдарлама шықты. Жастай өмірден өткен дарынды спортшы туралы арнайы жоба Алексей Ягудиннің бастамасымен түсірілген. Бұл туралы Nur.kz жазды.

Күллі әлемді дүрсілкіндірген өлімді ресейлік спортшы Алексей Ягудин ерекше қасіретпен қабылдаған. Ол өз бауырындай санаған Денистің қазасын естігенде көз жасын тоқтата алмады.

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арнап түсірген бағдарламасы 8 тамыз күні «Матч ТВ» арнасында көрсетілді. Денис Тен 16 жасында Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан ең жас спортшы болды.

«Тает лед» атты арнайы бағдарламасында Денис Тенмен таныс болып, жақын араласқан достарын, бапкерлері және танымал мәнерлеп сырғанаушылар сұхбат беріп, спортшы туралы ойларын жеткізген.

Олардың арасында Санжар Мәди, режиссер әрі сценарист Игорь Цай, мәнерлеп сырғанаушылар Максим Маринин, Татьяна Тотьмянина, Максим Тараньков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух, Денистің бірінші бапкері Елена Водорезова және Тенмен 6 жыл бойы жұмыс істеген әйгілі Татьяна Тарасова бой көрсетті.

Жұлдызды тұлғалармен сұхбатты Алексей Ягудиннің өзі жүргізген.

Әйгілі спортшының рухына арналған жобаның түсірілімі Алматы, Сочи және Мәскеуде болып өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер