Жеңіл атлетика

Терешкованың жетістігін Жакартада Михина қайталай ала ма

news-banner7
mobile-news-top

Жазғы Азия ойындары жақындаған сайын жеңіл атлеттердің мүмкіндігін бағалауды әріқарай жалғастырып келеміз. Бүгін 400 метрге жүгіретін қыздарымыз туралы айтпақпыз, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Жазғы Азия ойындарының тарихында Қазақстан спортшылары орта қашықтықта жиі жоғары орындардан көрініп жүреді. Мысалы, Ақмола облысында дүниеге келген, бірақ кейіннен Шымкенттің намысын қорғаған Ольга Терешкова 2006 жылы Дохада, 2014 жылы Гуанжоуда 400 метрге жүгіруден алдына жан салған жоқ. Катар астанасында ол аталған қашықтықты 51.86 секундта, Қытай жерінде 51.97 секундта қиып өтті.

Ал Светлана Бодрицкая 1998 және 2002 жылдары қола жүлдеге ие болған. Бангкокта 400 метрді 52.46 секундта жүгірсе, Пусанда 52.10 секундта бағындырды.2010 жылы Гуанжоуда Марина Маслёнко да үштіктен көрінді (52.70).

Енді биыл ел намысын Шығыс Қазақстан облысының атлеті Элина Михина мен Светлана Голендова қорғайды.

Аталған екі спортшы қысқы маусымда барлық жарыстарға қатысып шықты. Бірақ жазғы маусымды кеш бастады. Голендова тіпті ресми түрде ешқандай сайыста бақ сынамады.

Михина Алматыдағы Ғұсман Қосанов Мемориалынан бастады. 29 маусымда ол 400 метрді 52.78 секундта жүгіріп өтті. Шілдедегі Қазақстан кубогында бұл қашықтықта емес, 100 және 200 метрде өзінің мүмкіндігін байқап көрді.

Қазіргі кезде Азия құрлығында Бахрейн қызы Сальва Эйд Насердің шоқтығы биік. Ол негізі Нигерияда туған. Бахрейн мемлекетінің шақыруымен сол елдің азаматтығын алған. Былтыр Лондондағы әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. Тек құрлықта ғана емес, әлемдегі үздіктердің бірі. Осы жылы 400 метрді 49.08 секундта жүгіріп өтті. Рейтингте сондай-ақ Үндістанның қос атлеті Хима Дас пен Нирмала Шеоран бар. Алғашқысының жасы бар-жоғы 18-де. Ол шілде айында Тампереде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған (51.46). Ал маусым айында Үндістандағы жарыста 51.13 секундта жүгіргені бар. Нирмила Шеоран былтыр Бхубанешвардағы Азия чемпионатында бірінші орын алған.

Енді Элина Михина еліміздің осы қашықтықтағы бай дәстүрін жалғастырып, Азия ойындарында жүлдеге ілігеді деп сенім артамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер