Басқа

Елімізде 9 спорттық телеарнаға тыйым салынды

Елімізде 9 спорттық телеарнаға тыйым салынды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өзінің ресми сайтында мемлекет аумағында тыйым салынатын телеарналардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2017 жылы қабылданған «Теле-радио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес өкілдікті ашпағандықтан бірқатар шетелдік телеарналар тіркеу туралы куәліктерінен айрылды. Бұл арналар енді Қазақстан Республикасының аумағында ретрансляцияны тоқтатады.

Шетелдік арналарға аталған заң қабылданған сәттен бастап алты ай ішінде қажетті құжаттарды талаптарға сай етіп дайындау керек болатын. Алайда, олар көрсетілген мерзімде заң талаптарын орындаған жоқ.

Еліміз аумағында тыйым салынған 88 телеарнаның қатарында спорттық тақырыптар бойынша мамандандырылған 9 арна бар:

Бойцовский клуб, Russian Extreme TV, Боец, Футбол, Спорт 2, Спорт 1, ESPN Classic Sports, Trace Sports және AlmaSport.

Дегенмен, Министрлік, бұл каналдар қажетті талаптар негізінде тіркеу рәсімін толық өтесе қайтадан өз қызметтерін жалғастыра алатынын мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер