Футбол деген бір ғажап!

«Қайраттың» қарсыласы «Сигма» қандай команда

«Қайраттың» қарсыласы «Сигма» қандай команда
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымында «Қайрат» чехиялық «Сигма» командасымен күш сынасады, деп жазады prosports.kz сайты.

Екінші айналымда азулы «АЗ Алкмар» командасын артқа тастаған алматылықтардың айдарынан жел есіп тұр бүгінде. Жанкүйерлер Бауыржан Исламхан бастаған жігіттердің осы қарқынынан таймай, іріктеу кезеңінің плей-офф сатысына өтуінен үмітті. Алайда, плей-офф кезеңіне өтсе алматылық команданы Испанияның «Севильясы» күтіп тұр. Бірақ, бұл басқа әңгіме. Біз алдымен Чех елінің шеберлері жайлы сөз етеміз.

«Сигма» - тура бір ғасырлық тарихы бар үлкен клуб. Бірақ, біз команданың тарихын тарқатып, әңгімені басынан бастауды міндетке алмаймыз. Айтарымыз, команданың қазіргі құрамы мен қарым-қабілеті ғана болмақ.

Бәріміз білетіндей бұл команда Еуропаның үздіктері қатарынан саналмайды. Германияның атақты transfermarkt сайтының мәліметіне сүйенсек, команда сапындағы ойыншылардың трансфер нарығындағы жалпы құны 9,45 млн еуроны құрайды. Ең қымбат ойыншысы — Якуб Плшек (1,3 млн). Бір қызығы команда сапында жалғыз легионер бар. Ал қалғаны түгел өз елінің ұландары.

âÑигма Ñкâçå¾çæç´¢ç»æ

Команда өткен маусымда Чехия біріншілігінде төртінші орынды иеленіп, Еуропа лигасының іріктеу сынына қатысуға мүмкіндік алған. Іріктеуді бірден үшінші кезеңнен бастап отыр. Демек, «Қайратқа» қарсы ойын Оломоуц қаласының құрамасы үшін биылғы маусымдағы алғашқы Еурокубоктық матч саналады.

Бірақ, биылғы алғашқы ресми ойын емес. Чехия чемпионатының жаңа маусымы басталғалы жарым айдан астам уақыт болды. Осы аралықта «Сигма» командасы үш кездесу өткізіп, бір ойында ғана жеңіске жетті. Алайда, бұған қарап қарсыласымызды қалпақпен ұрып алатын команда екен деп қарауға әсте болмайды. Себебі, «Сигманы» сүріндірген командалар анау-мынау емес «Славия Прага» мен «Виктория Пльзень». Ал Еуропа футболынан хабары бар кез-келген жанкүйер бұлардың қандай әлеуетті команда екенін жақсы біледі. Демек, қарсыластың жаңа маусымдағы қадамына қарап «Қайраттың» арқаны кеңге салатын жөні жоқ.

Тағы бір айта кетерлігі, чемпионат басталмай тұрып маусым алды дайындықта «Сигма» командасы жеті бірдей жолдастық кездесу өткізді. Әрі оның тек біреуінде ғана жеңіліске ұшырады. Ал «Қайраттың» жайы бәрімізге белгілі. Ел біріншілігінде соңғы үш турдың екеуінде ұпай жоғалтты. Шынын айтқанда, Карлос Алос Феррер бастаған жігіттердің ойыны ала-құла.

âÐайÑÐ°Ñ vs Ðзâçå¾çæç´¢ç»æ

Бұларды біз жанкүйерлер мен ақпарат құралдарында бір жақты көзқарас қалыптаспас үшін айтып отырмыз. Ойыншылардың трансферлік құны жоғары екендігіне қарап қазақстандық команданы осы жұптың фавориті деп айтуға келмейді. Ойын өрнегі анық үйлеспей, қос аяғын тең баса алмай жүрген алматылық клуб жанкүйерлерді жерге қаратып кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Мысал үшін айта кетейік, өткен жылы екінші іріктеу кезеңінде «Қайратқа» Албанияның «Скендербе́у» командасы түсті. Бұл команда да бір қарағанда қазақстандық ұжымның тырнағына татымайтындай көрінген. Ақпарат құралдарында да, жанкүйерлер арасында да «Қайрат» келесі кезеңге өтеді деген сөз желдей есіп жүрген. Ал нәтижесі бәріміз білетіндей үшінші турға албаниялықтар аяқ басқан еді.

Чехиялық команда негізінен 4-1-4-1 жүйесімен өнер көрсетеді. Соңғы үш ойында алаңға шыққан құрамына талдау жасай отырып, олар ертең де дәл осы жүйесімен өнер көрсетеді деп межелеп отырмыз. Ал, алаңға бірінші минуттан бастап мына 11 ойыншы шығуы мүмкін.

Қақпаны 38 жастағы қарт қақпашы Милош Бухта күзетеді. Ал қорғаныс шебіндегі төрттік оңнан солға қарай былай орналасуы мүмкін: Мартин Сладкий, Ян Стерба, Вацлав Йемелка, Михал Вепршек. Тіреуші жартылай қорғаушы міндетін Лукаш Клавах атқаруы мүмкін. Жартылай қорғаныста Томаш Заградничек, Якуб Плшек, Давид Гоуска, Шимон Фалта өнер көрсетеді. Ал шабуыл шебіне командаға жақында ғана ауысып келген Мартин Неспор жауап беруі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер