ММА

Арман Оспанов ресейлік Расул Мурзаевпен кездеседі

Арман Оспанов ресейлік Расул Мурзаевпен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов ресейлік танымал спортшы Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы ACB компаниясы өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.

ACB 90 турнирі 10 қарашада Мәскеуде өтеді деп жоспарлануда.

2017 жылғы желтоқсанда 28 жастағы Оспанов ресейлік аралас жекпе-жек шебері Алексей Полпудниковке жол берді. Биылғы жылдың мамыр айында Оспанов Ресейдің (25-10) Акоп Степанянмен күресу керек болатын. Өкінішке орай, оның қарсыласы жекпе-жек басталмастан бір сағат бұрын алынып тасталды.

Осы жылдың сәуір айында Расул Алматыда өткен Fight Nights 86 турнирінде ADCC ережелеріне сәйкес қазақстандық файтер Ержан Естановпен кездесті. Бұл жекпе-жекте Мирзаев ұпай бойынша жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, бұрын Мирзаев Естановпен екі рет кездесіп, екеуінде де ресейлік жеңіске жетті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер