Баскетбол

«Астана» БК америкалық Джалил О'Брайенмен келісімшартқа отырды

«Астана» БК америкалық Джалил О'Брайенмен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубының басшылығы америкалық Джалил О'Брайенмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

26 жастағы ойыншымен келісімшарт бір жылға жасалған. О'Брайен – Сан-Диего университеті командасының шәкірті.

Даму лигасында өнер көрсетіп, «Юта Джазбен» келісімшартқа отырды. Солт-Лейк-Сити командасы сапында ол тек өңірлік чемпионатта екі ойын ғана өткізіп, ұпай жинай алмады.

Өткен маусымда ол Даму лигасында «Аква Калиенте Клипперс» – «Лос-Анджелес Клипперс» фарм-клубының намысын қорғады. Онда оның нәтижесі 15,9 ұпайға тең болды.

Айта кетейік, «Астана» клубы ВТБ Біріңғай лигасында 10-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер