русский язык
Футбол

Маусым аяқталды

Маусым аяқталды

Қарағандылық «Шахтер» үшін Еуропа Лигасы аяқталды. Кумыков шәкірттері еурододаның соңғы турында «Маккаби» клубынан жеңіліп қалды.

Хайфа қаласында өрбіген кездесу 2:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді. Бірінші таймда жерлестеріміз басым болған. Алғашқы таймның соңында «Шахтер» есепті ашты. Геворг Казарянға қарсы айып алаңында ойын ережесі бұзылып төреші нүктеге нұсқады. Евгения Тарасовты алмастырған Каньяс пенальтиден есеп ашты.

Сергей Хижниченко мен Казарянның есепті еселеуге мүмкіндіктері болған. Ойының 60 минутында «Кирьят-Элиазер» стадионында жарық өшіп қалып, кездесу тоқтатылды. Ойын жалғасын тапқан соң «Маккаби» ойыншылары Покатиловтың қақпасына екі гол соқты. 70 минутта бұрыштамадан кейін Шаваль Гозлан есепті теңестірсе, 10 минут өткен соң Шимон Абухазир израильдық командаға жеңіс сыйлады. Кумыков шәкірттері «L» тобында 2 ұпаймен соңғы орында қалды, бұл топтан Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне голландиялық «АЗ Алкмаар» клубы доп тебетін болады.

Еуропа лигасы. Топтық кезең. 6-шы тур.

«Маккаби» Хайфа — «Шахтер» 2:1 (0:1)

Голдар: Каньяс 44 (пенальти),- Гозлан 76, Абухазира 82

Ескертулер: Абукрат 44, Шейманн 49

«Шахтёр»: Покатилов, Порываев, Тарасов (Каньяс 40), Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Байжанов, Казарян (Лунин 76), Финонченко, Хижниченко (Зенькович 88)

«Маккаби»: Эдри, Шейманн, Тватха (Райо 60), Габай, Пилявский, Абукрат, Цоцалич, Азулай (Тургеман 53), Веред, Райян (Абухазира 74), Гозлан

Бас төреші: Гедиминас Мажейка (Литва)

12-ші желтоқсан. «Кирьят «Элизер»

Авторы: Дана Қасенова

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;