«Астана» өз алаңында Хорватияның командасынан жеңіліп қалды

«Астана» өз алаңында Хорватияның командасынан жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» өз алаңында УЕФА Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің 3-раунды аясында Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасын қабылдап, жеңіліп қалды.

39-минутта «Астананың» қорғаныс шебінің сол қапталындағы қателіктен кейін загребтіктер есеп ашты. Осылайша, тоғызыншы нөмірдегі Марио Будимир матчта соғылған алғашқы гол авторы атанды.

Кабананганың орнына шыққан Рангело Янга 79-минутта қақпашы алаңының ішіндегі қарбаластан кейін соққан голын шотландиялық төреші Джон Битон оффсайд деп есептемей тастады.

Араға бес минут салып, загребтіктер екінші голын соқты. Бұл жолы Ольмо гол авторы атанды. Ойын, осылайша, «Динамо Загребтің» 0:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді қарымда ойыны 15 тамыз күні Хорватия астанасы Загреб қаласында болады.

Еске сала кетейік, егер «Астана» плей-офф кезеңіне жолдаманы жеңіп алса, Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен ойнайды.

" allowfullscreen="allowfullscreen" height="314" width="560">

Чемпиондар Лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі.

Алғашқы матч.

«Астана» - «Динамо» Загреб - 0:2

Гол: Будимир 39` (0:1), Ольмо 84` (0:2).

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Мұжықов (Р. Альмейда 46'), Энрике, Томасов (Мұртазаев 81'), Маевский, Кабананга (Р. Янга 63'), Постников, Шомко.

«Динамо»: Загорац, Адеми (И. Шуньич 63'), Ольмо, Хайрович (Кадзиор 82'), Будимир (Гавранович 46'), Гояк, Леовац, Теофиль-Катрин, Стоянович, Дилавер, Оршич.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер