ММА

Қуат Хамитов қазақстандықтардан Питер Куиллиді кешіруді сұрады

Қуат Хамитов қазақстандықтардан Питер Куиллиді кешіруді сұрады
news-banner7
mobile-news-top

Қуат «Найман» Хамитовтың бұрынғы қарсыласы, ирландиялық спортшы Питер Куилли мұсылмандардың сеніміне тіл тигізді.

«Ирландия Алладан мықты», - деп Instagram желісінде жазба қалдырған Питер Куиллидің басы бәлеге қалды. Ол мұсылмандардың сеніміне тіл тигізді деп айыпталды. Артынша өзінің әрекетін ақымақтық деп кешірім сұраған. Алайда Куилли өнер көрсететін Fight Nights Global промоутерлік компаниясының басшысы Камил Гаджиев ирландиялық спортшымен қош айтысатынын айтты.

Осыған байланысты, Питер Куиллидің бұрынғы қарсыласы Қуат Хамитов оны қолдап, өз пікірін білдірді.

- Нағыз мұсылманға тән біздің досымыздың жасаған қателігін кешірейік. Білместік қателік жасаған адамды жаман деуге болмайды. Әрбір айтқан сөзіміз үшін Құдайдың алдында жауап береміз. Сол себепті оған ауыр сөздер айтпайық. Ол барша мұсылмандардан кешірім сұрады, - деп жазды Қуат Instagram парақшасында.


Еске салайық, 5 раундқа созылған рейтингілік кездесуде «Найман» жеңімпаз атанған. Жекпе-жек 26 қараша күні Алматыда (FN GLOBAL 80) өткен. Кездесу нәтижесін қайта қарап өзгерту туралы өтініш берген Питер Куиллидің тілегін еркін комиссия қанағаттандырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер