Жеңіл атлетика

Батутты гимнастикадан қазақстандық спортшылар үздік бестікке енді

Батутты гимнастикадан қазақстандық спортшылар үздік бестікке енді
news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Маебаши қаласында батутты гимнастикадан Әлем Кубогы кезеңі өтті.

1-6 тамыз аралығында ұйымдастырылған бәсекеде қазақстандық спортшылар 5-ші орын иеленді.

Нақтылап айтар болса, шымкенттік Пірмаммад Алиев пен өскемендік Игорь Грачев синхронды түрде секіруден үздік бестікке енді.

Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай, екінші орынды Беларусь, үшінші орынды Дания спортшылары иеленген.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер