ММА

Қаршыға Дәуітбек украиндық спортшыны нокаутқа түсірді

Қаршыға Дәуітбек украиндық спортшыны нокаутқа түсірді
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласының маңындағы Талғар ауданында аралас жекпе-жектен алғашқы OCTAGON SELECTION турнирі өтті. Тау бөктерінде жалауын желбіреткен дүбірлі додаға көрші елдерден де спортшылар келді.

Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде Еркін Дәрменов өзбекстандық Алихон Хасановпен кездескен болатын. Өзбек спортшысының кездесуге жақсы дайындалғаны көрініп тұрды. Ал Еркін болса Алихоннан мұндай қарсылықты күтпесе керек, қарсыласымен ұзақ арпалысты. Тартысты өткен жекпе-жекте жеңімпазды төрешілер анықтады. Еркін Дәрменов үпай саны бойынша жеңіске жетті.

Ал Ильяр Асханов қарсыласы Елер Шамуратовты техникалық нокаутпен ұтты. Жекпе-жек бастала салысымен қарсыласын соққының астына алған Ильяр Асханов керемет кездесу өткізді. Соңғы жекпе-жегінде 61 келіде сегізбұрышқа шыққан Ильяр қарсыласы Жасұлан Қарақұловқа есе жіберген болатын. Ал бұл жолы Ильяр таза өзінің салмағында өнер көрсетті. 70 келі салмақ дәрежесінде өткен кездесуде біздің спортшы өзбекстаннан келген қарсыласына мүмкіндік қалдырмады.

Алғашқы OCTAGON SELECTION турнирінің басты жекпе-жегінде Қаршыға Дәуітбек украиндық Иван Рацьпен жұдырықтасты. Бір жылға жуық сегізбұрышта жекпе-жек өткізбеген Қаршыға үшін бұл кездесу аса маңызды еді. Дегенмен Қаршыға октагонға шыға салысымен украиндық қарсыласын соққының астына алды. Ал бірінші раундтың соңында төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Себебі Қаршығаның жасаған соққыларына Иван Рацьтің жауап қайтаруға қауқары жетпеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер