русский язык
Велоспорт

Андрей Кашечкин Доха форумында

Андрей Кашечкин Доха форумында

Катар астанасы Дохада әлем спортын дамытуға арналған «Doha Goals» форумы өтіп жатыр. Қазақстан атынан велошабандоз Андрей Кашечкин аталмыш шараға шақырту алды.

Форумның басты мақсаты – спортты негізге ала отырып әлемдегі әлеуметтік жобалар жасау. Шара кезінде спикерлер бұқаралық спортты дамыту, оның әлеуметтік және экономикалық бағасын арттыру, есірткімен күрес, жемқорлық, денсаулық сақтау мәселесі туралы айтты. Андрей Кашечкин форум туралы өзінің пікірін білдірді.

– Бүгін спикерлермен, даңқты спортшылар, спорт қайраткерлерімен бірге өте маңызды тақырыпты талқылап, мынандай шешімге келдік. Қазіргі спортшылар карьерасын тастағаннан кейінгі болашағы туралы ерте бастан анықтауға көмектесу керек. Менің презентациям осы тақырыпқа арналды. Әдетте спортшылар кәсіпқой спорттан кеткен соң басқа салаға еніп кете алмайды. Амал жоқ спортқа қайта оралып, соның бір бөлшегіне айналады, – дейді велошабандоз жеке сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, «Doha Goals» форумы екінші рет өткізіліп отыр. Биылғы шараға 1992 жылғы Олимпиада чемпионы, 6 дүркін «үлкен шлемнің» иегері теннисші Борис Беккер, екі дүркін Олимпиада жеңімпазы Катарина Витт, алыс және жақын қашықтыққа жүгіруден әлем рекордының иесі Уилсон Кипкетер секілді танымал тұлғалар қатысуда. Андрей Кашечкин Қазақстан атынан ғана емес, бүкіл ТМД атынан барған жалғыз өкіл.

Айналайн.кз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;