«Жетісу» мен «Ақжайық» Талдықорғанда тең тарқасты

«Жетісу» мен «Ақжайық» Талдықорғанда тең тарқасты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Премьер-лигасының 21-ші туры аясында «Жетісу» өз алаңында «Ақжайықты» қабылдады, деп жазады prosports.kz.

Турнирлік кестенің бел ортасында жүрген қос команда үшін де ұпай ауадай қажет. Әсіресе, өз алаңында тәп-тәуір өнер көрсететін талдықорғандықтар бүгін үш ұпай үшін барын салды. Алғашқы таймда жасалған толассыз шабуылдардың нәтижесінде ойынның 34-ші минутында алаң иелері есеп ашты. Гол авторы Рауль Джалилов.

Матч есебінде екінші таймның бел ортасынан ауғанда ғана өзгеріс болды. Алма кезек шабуылдардың бірінде оралдық команданың қосалқы құрамнан шыққан Латвиялық легионері Артур Карашаускс есепті теңестірді.

Премьер лига. 21-ші тур.

«Жетісу» - «Ақжайық» 1:1 (1:0)

Гол соққандар: Джалилов '34 - Карашаускс '70

«Жетісу»: БЕКБАЕВ Алмат, МАВУТОР Дэвид, ОГАНЕСЯН Камо, МАЛАКЯН Эдгар, КУКЛИС Мантас (к), ЛЕБЕДЕВ Андрей, САДОВНИЧИЙ Иван, ХАРАБАРА Андрей, ДЖАЛИЛОВ Рауль, ИБРАЕВ Сабырхан, ХРОМЦОВ Олег

«Ақжайық»: БОРОВИК Евгений, БАСОВ Сергей, ТКАЧУК Андрей, ХУДОБЯК Игорь, ГЛАВИНА Денис, ЧАЧУА Амбросий, САПАНОВ Мирам (к), ШАЙХОВ Берик, ЕРСАЛИМОВ Азат, АНТИПОВ Иван, ОРАЛБАЙ Едиге

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер