Ресми: Абель Исса Камара «Ертіс» ойыншысы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Гвинея-Бисау елінің шабуылшысымен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28-жасар Абель Исса Камара «Белененсеш» , «Эстрела Амадора», «Бейра Мар» (барлығы Португалиядан), «Пафос» (Кипр), «Аль-Файсали» (Иордания), «Петролул» (Румыния) сынды командаларда өнер көрсеткен. Соңғы рет италиялық «Б Серия» чемпионатындағы «Кремонезе» клубының намысын қорғаған.

Бұдан бөлек, Камара Португалия жастар құрамасында ойнаған. Дегенмен уақыт өте келе, өзі туған Гвинея-Бисау ұлттық құрамасы үшін өнер көрсету шешімін қабылдап, Африка кубогы ойындарына қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер