«Ақтөбе» - «Астана» кездесуіне 24 жастағы жас төреші қызмет атқарады.

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының 21-ші туры аясында «Ақтөбе» - «Астана» кездесуі өтеді, деп жазады prosports.kz.

«Ақтөбе» футбол клубы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ойынға Тараз қаласының өкілі, 24 жастағы төреші Сәкен Байымбет қызмет атқарады.

Сәкен Байымбет 1993 жылдың 11 желтоқсанында дүниеге келген. Тараздық. Кәсіпқой деңгейде 2013 жылдан бері еңбек етіп келеді, 2017 жылы Премьер-лигада дебют жасап, содан бері Қазақстан чемпионатында 5 ойында қызмет атқарып үлгерді.

Байымбет «Ақтөбенің» қатысуымен бір ойында төрелік еткен. 2018 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды қаласында «Шахтер» мен «Ақтөбе» арасындағы матчта 1:1 есебі тіркелген.

Бұрын - соңды «Астананың» ойындарына қазылық етпеген.

4 тамыз күні Ақтөбенің Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында Байымбетке көмектесетін мамандар: 43 жастағы атыраулық Самат Шарипов және 37 жастағы Петропавл қаласының өкілі Рустам Бейжанов. Төрешінің қосымша ассистенттері 31 жастағы шымкенттік қазы Фуркат Атажанов пен 43 жастағы Анатолий Вишниченко (Қостанай). Қосалқы төреші – 41 жастағы Бақыт Қызылбаев (Ақтөбе). Матч инспекторы – Юрий Ярышев (Павлодар).


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер