Жеңіл атлетика

Жакартада 33 жеңіл атлетке сенім артамыз

Жакартада 33 жеңіл атлетке сенім артамыз
news-banner7
mobile-news-top

Биыл 4 жылда өтетін жазғы Азия ойындарын Индонезия астанасы Жакарта қаласы қабылдайды. Осымен, XVIII мәрте ұйымдастырылып отырған додаға сары құрлықтың 45 елі қатысады.

Жалпы, Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығына жоспарланған. Онда 42 спорт түрінен 476 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Осының ішінде жеңіл атлетика сайыстары тамыздың 25-і мен 30-ы аралығында өтеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Григоргий Егоров Жакартада ел намысын қорғайтын жеңіл атлеттердің толық тізімін бекітті. Құрама сапына 33 атлет (15 ер, 18 әйел) еніп отыр. Олардың 28-інің шығынын Ұлттық Олимпиада комитеті көтерсе, қалған бесеуін аймақтық басқармалар қаржыландырмақ.

Азия ойындарының бағдарламасына тоқталсақ, Қазақстанның ерлер құрамасы 100, 200, 400, 800, 1500 метрге жүгіру, 110 метрге және 400 метрге тосқауылдар арқылы, марафон, 4х100 және 4х400 метрлік эстафетадан, ядро серпу, сырықпен, үш қарғып және биіктікке секіруден, сондай-ақ 20 шақырымға спорттық жүрістен қатысады. Ал аруларымыз 100, 200, 400, 800, 1500 метрге жүгіру, 100 метрге және 400 метрге тосқауылдар арқылы, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, марафон, 4х100 және 4х400 метрлік эстафетадан, сырықпен, үш қарғып және биіктікке секіруден, 20 шақырымға спорттық жүрістен ел намысын қорғамақ.

Одан бөлек, Азия ойындарының бағдарламасында 4х400 метрлік аралас эстафета бар. Оған екі ер, екі әйел спортшы жүгіреді.

Осыған дейін 2006 жылы жетісайыстан, 2010 және 2014 жылдары үш қарғып секіруден чемпион атанған Ольга Рыпакова биыл төртінші рет чемпион атану үшін аянып қалмайтынын айтып отыр. Спортшы Азия ойындарына дайындықты Малайзияда жүргізеді. Ядро серпуші Иван Иванов Португалияда жаттығып жүр.

Биыл Азия ойындарына бірнеше жас жеңіл атлеттеріміз қатысады. Атап айтсақ, Надежда Дубовицкая Давид Ефремов, Вячеслав Земс, Аделина Ахметова бар. Оның ішінде екеуі әлі жиырмаға да толмаған.

Осыдан 4 жыл бұрын топ жарған Ольга Сафронова мен Маргарита Мұқашева да құрама сапында.

Азия ойындарына қатысатын 33 спортшының тізімін алдағы уақытта толық жариялаймыз.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер