Футбол деген бір ғажап!

Барып тұрған масқара! АЗ жанкүйерлері не деді

Барып тұрған масқара! АЗ жанкүйерлері не деді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында «Қайрат» Голландияда жергілікті «АЗ Алкамар» командасына 2:1 есебімен жол берді. Алайда өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жеткен алматылықтар келесі кезең жолдамасынан қағыла қойған жоқ.

Қос команданың кездесуі басталмай тұрып сарапшылар мен жанкүйерлер голландиялық клубтың үшінші кезеңге өтеріне көбірек сенім артқан еді. Бірақ, нәтиже керісінше болып отыр. Prosports.kz сайты АЗ командасының сәтсіздігінен кейін жергілікті БАҚ бетінде жарияланған пікірлерге шолу жасайды.

Нидерланд газеті Algemeen Dagblad тілшісі Ник Кок:

- Мен біздің команданың «Қайратқа» қарсы неге осынша нашар өнер көрсеткенін түсінбедім. АЗ жыл бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп келді де алматылықтарға қарсы ештеңе істей алмады. Бүкіл елдің көңілі қалды.

Украина сайты Ua-footbal:

- «Қайраттың» пайдасына белгіленген пенальти бұл матчтың маңызды эпизоды болды. Украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеола алғашқы кездесуде жауапсыз екі гол соққан еді. Бірақ Нидерланд командасында келесі кезеңге өтетін мүмкіндік сақтаулы болды. Десе де, олардың жоспарын Эсеола жасаған пенальти бұзды. 11 метрліктен гол соққан «Қайрат» үлкен басымдылыққа ие болды. Одан кейін алаң иелерінің төрт гол соғуына тура келді.

- Осылайша, украиналық шабуылшы АЗ жанкүйерлерінің қорқынышты түсіне айналды. Ол қос кездесуде командасы соққан үш голға да өз пайдасын тигізді.

Нидерланд сайт Nu.nl:

- Біз АЗ-дың кезекті сүреңсіз ойынына куә болдық. Біз үшін Алматыдағы жеңіліс өте қиын болды. Ал қарымта ойында «Қайраттың» пенальти орындау мүмкіндігіне ие болуы алаң иелерінің барлық мүмкіндігін желге ұшырды. Бұл ұят! көңіл қалды! Дегенмен, біздің команда келесі кезеңге өтуге лайық еді.

АЗ жанкүйерлерінің реніші де аз болған жоқ:

- Алаңдағы ойыншылардың құны 35 миллион еуро. Алайда, әуесқой команда деңгейінде ойнады...

- Өкінішті. Трансферлер клубтың банк шотын толтырды. Бірақ басшылық жанкүйерлерді мүлде ойламайды.

- Мынадай орталық қорғаушылармен біздің ұзаққа бармасымыз белгілі болатын.

- Бұл барып тұрған масқара!

- «Қайраттан» жеңілдік, иә, біздің деңгей осы!

- Біздің елдің футболы қай деңгейге түсіп барады, тіпті қазақстандық клубты да жеңе алмасақ?

- Біз командадан кеткен маңызды ойыншылардың орнын басатын адам таба алмадық. Сол үшін де «Қайраттан» жеңілдік.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер