Жеңіл атлетика

Джакартадағы Азия ойындарына 33 жеңіл атлет аттанады

news-banner7
mobile-news-top

25-30 тамыз аралығында Джакартадағы Азия ойындарына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер анықталды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Шілде айында өткен Қазақстан чемпионатының бірінші және екінші кезеңі, сондай-ақ, Кубок кезеңдерінің қорытындысы бойынша, құрамаға соңғы өзгерістер енгізілді.

Осылайша, Азия ойындарына 33 қазақстандық жеңіл атлет аттанатын болды (15 ер адам мен 18 әйел адам).

Жеңіл атлетикадан ерлер арасындағы бағдарламада Қазақстан спортшылары төмендегі бағдарламалар бойынша сынға түседі: 100, 200, 400, 800, 1500 метрге жүгіру, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, марафон, 4*100 және 4*400 метрлік эстафета, ядро лақтыру, сырықпен секіру, биіктікке секіру және 20 шақырымға жаяу желіс.

Жеңіл атлетикадан әйелдер арасындағы бағдарламада Қазақстан спортшылары төмендегі бағдарламалар бойынша сынға түседі: 100, 200, 400, 800, 1500 метрге жүгіру, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, , 4*100 және 4*400 метрлік эстафета, үш қарғып секіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, 20 шақырымдық жаяу желіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер