«БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар лигасына қатысады

«БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар лигасына қатысады
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстандық «БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы Латвия астанасы Ригада өтетін Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде сынға түседі, деп жазады prosports.kz сайты ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттік клуб Чемпиондар Лигасына алғаш рет қатысып отырған жоқ. Өткен маусымда «Биік-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымына дейін шығып, турнир жеңімпазы атанған Францияның «Лион» командасына есе жіберген еді.

Биыл «БИІК-Қазығұрт» командасы іріктеу кезеңінің жетінші тобында ойнайды. Қарсыластары - «Академия Элпидес Кардитсас» (Грекия), РФШ (Латвия) және «Ландхаус» (Австрия). Барлық ойындар Рига қаласындағы «Аркадия» спорт орталығының стадионында өтеді.

Кездесулер күнтізбесі:

07.08.2018

«БИІК-Қазығұрт» - «Академия Элпидес Кардитсас» (Грекия)

Бас төреші - Марта Фриас Аседо (Испания); көмекшілері - Андрада Аломан (Испания) и Марита Витола (Латвия). Қосалқы төреші - Елена Ермолаева (Латвия).

10.08.2018

«БИІК-Қазығұрт» - «РФШ» (Латвия)

Бас төреші - Ифеома Кулмала (Финляндия); көмекшілері - Хейни Хювенен (Финляндия) және Андрада Аломан (Испания). Қосалқы төреші - Марта Фриас Аседо (Испания).

13.08.2018

«Ландхаус» (Австрия) - «БИІК-Қазығұрт»

Бас төреші - Марта Фриас Аседо (Испания), көмекшілері - Андрада Аломан (Испания) және Марита Витола (Латвия). Қосалқы төреші - Елена Ермолаева (Латвия).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер